Шымкенттегі екі колледж 5 жыл бойы «жалған студенттер» арқылы бюджеттен қаржы алып отырған

Шымкенттегі екі колледж 5 жыл бойы «жалған студенттер» арқылы бюджеттен қаржы алып отырған. Мемлекетке келтірілген шығын – 1,3 млрд теңге. Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжінде оқушылар қағаз жүзінде оқыған. Ал шын мәнінде, олар мұндай оқу орны бар екенін білмеген. Мемлекеттен грант пен түрлі бағдарлама арқылы ақша алып келген. Мұндай схеманы ұйымдастырған адам 3 жыл бойы түрмеде отырып, сол жақтан басқарған екен. Қылмыстық әрекетке одан бөлек колледж басшылары, бухгалтер және өзге де байланысы бар тұлға қатысқан. Қазіргі таңда сот санкциясымен 3 пәтерге, оның ішінде Дубай қаласындағы пәтерге, 3 тұрғын үйге және 3 автокөлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
– Схема жалған оқуға қабылдау және жұмысқа орналастыру туралы бұйрықтарды рәсімдеу, құжаттарды растау үшін электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалану, сондай-ақ орындалған жұмыстар туралы жалған актілер жасау арқылы жүзеге асырылған. Тергеу барысында күдіктілер 65 млн теңге көлеміндегі залалды ерікті түрде өтеген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал