Ауыр жүк көліктері жаппай тексеріле бастады

Ауыр жүк көліктері жаппай тексеріле бастады. Себебі Солтүстік Қазақстан облысында шамадан тыс жүк артып алатын жүргізушілер көбейген. Салдарынан:өңірдегі тасжолдар бүлінуде. Жағдайдың алдын алу үшін көліктік бақылау инспекциясы жол сақшыларымен бірлесіп, арнайы рейд ұйымдастырды. Жауаптылардың сөзінше, көбіне камаздар көрші Ақмола облысынан құрылыс материалдарын тасымалдайды. Көп жағдайда олар рұқсат етілген салмақты елемей, ереже бұзады. Мәселен, былтыр облыста мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды. Бюджетке 220 миллион теңге өндірілген. Ал биыл 80 азамат анықталды. Қазір облыста жылжымалы бақылау бекеттерінен бөлек, автоматтандырылған төрт арнайы өлшеу станциясы жұмыс істеп тұр. Олар көлікті тоқтатпай-ақ, заңбұзушыларды тіркейді. Алайда жауапкершіліктен жалтарылу үшін кейбір жүргізушілер түрлі қулыққа баратын көрінеді.

НҰРСҰЛТАН ЖАМАШЕВ, КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
– Солтүстік Қазақстан облысында жеті мыңнан астам жүк көлігі бар. Жүк көліктері арнайы орнатылған өлшеу станцияларынан нөмірлерін жасырып өту деректері анықталуда. Осы деректердің алдын алу үшін барлық орган жұмыс істеп жатыр. Нөмірді жасыру деректері бойынша кешеден бастап екі адамды жауапқа тарттық.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал