Астанада «Ұлы Жеңіске арналады» атты салтанатты кеш өтті

Жеңіс күнінің мерекелік жаңғырығы әлі де елорда тұрғындарының жүрегінде. Астана төрінде өткен «Ұлы Жеңіске арналады» атты салтанатты кеш нағыз патриоттық рухтың символына айналды.

Астана қаласында Жеңіс күніне арналған «Ұлы жеңіске арналады» атты мерекелік концерт өтіп, қала тұрғындары майдангерлердің ерлігіне тағзым етті. Кеш Мемлекеттік академиялық филармонияның Еркеғали Рахмадиев атындағы үрмелі аспаптар оркестрі патриоттық шығармаларымен өрілді.

ИНДИРА ГАБДРАХМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
– Барша қазақ елін бүгінгі Ұлы Жеңістің 81 жыл мерейтойымен құттықтаймын! Бірлігіміз берік, тұғырымыз берік бола берсін! Еліміз тыныш болсын! Ұрпағымыз бейбіт заманда өмірде сүрсін деп тілеймін.

Әскери жылдардың әндері орындалған концертте көрермен ерекше тебіреніске бөленді. Тұрғындар батырлардың ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталуы тиіс екенін айтып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызын атап өтті. Мерекелік кеш елордалықтарға көтеріңкі көңіл күй мен рухани әсер сыйлады.

Мерекелік кешке жиналған жұрт соғыс қаһармандарына құрмет көрсетіп, бейбіт өмірдің қадірін тағы бір мәрте сезінді. Әсерлі ән мен патриоттық рухқа толы концерт көрерменнің жүрегінен ерекше орын алды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал