Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ІС СОТҚА ЖЕТТІ
Жангелдиндегі қанды оқиға бойынша қылмыстық кешікпей сотқа жіберіледі. Атырау облысында өз қайын жұртын аяусыз қырып тастаған Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі бойынша тергеу аяқталды. Кінәсін толық мойындаған күдікті енді сот алдында жауап береді.
ҚОС ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС
Куәлігі жоқ жүргізуші. Құрбан болған ана. Көкшетаудағы жол апатына байланысты екі адамның үстінен іс қозғалды. Көлігін заңсыз берген әйелдің жолдасы да қылмыстық жауапкершілікке тартылады
КОЛЛЕДЖДЕГІ КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ
Шымкенттегі қос колледж басшысының қулығы әшкере болды. Олар бес жыл бойы оқымаған студенттерді тізімге енгізіп, мемлекет қазынасынан 1,3 миллиард теңгені оқу ақысы ретінде қалтаға басып келген.
БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ
Асфальтты езетін алып көлік. Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігіне бақылау күшейді. Жыл басынан бері ереже бұзған 80 жүргізуші анықталып, 15 млн теңге айыппұл салынған
ТАРИХИ СӘТ
Астанада көптен күткен жеңіл рельсті көлік алғашқы жолаушысын қабылдауға дайын. Төлем тек цифрлық форматта болады. LRT басшылығы жолақы төлеу жүйесінің ерекшелігін жариялады.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.