Таразда жасөспірім тізгіндеген көлік бағанға соғылды: бір адам қаза тапты

Таразда 15 жастағы бала көлік жүргіземін деп жол апатына ұшырады. Жасөспірім полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, қашпақ болып бетон бағанға соғылған. Апат кезінде көлікте 16 жастағы екі жолушы болған. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі ауруханаға жеткізілді. Қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Ал кәмелетке толмаған балаға көлікті берген әкеден жауап алынып жатыр.
ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— 15 жастағы жүргізуші ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қылмыстық іс аясында көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға автокөлікті жүргізуге рұқсат берген көлік иесінің жауапкершілігі мәселесі қаралады. Сонымен қатар ата-аналар бала тәрбиесіне оны бақылау міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал