Қарағанды облысында қоқыс полигоны өртеніп жатыр

Қарағанды облысында екі күннен бері қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Бықсып жанған өрттің түтіні Доскей кентіне жетіп, тұрғындардың қолқасын қабуда. Күл-қоқыс алаңы елдімекеннен небәрі екі шақырым жерде орналасқан. Өрттен көтерілген қою түтін облыс орталығынан да көрініп жатыр. Қала шетіндегі тұрғындар жел арқылы жеткен күлімсі иіске шағымданып отыр. Өрт үш гектар жерді шарпыған.
ҚҰРМЕТ ЖҰМЕКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАРАСЫ:
— Қазіргі таңда жану оқшауланып, жою жұмыстары жүргізілуде. Өртті сөндіру желдің қаттылығымен және қоқыстың жану тереңдігіне байланысты қиындаған болатын. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің және де жергілікті атқарушы органдардың күш құралдары жұмыс істеуде.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал