Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестік жаңа деңгейге көтерілуде. Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастың қазіргі ахуалы мен алдағы даму бағыттарын талқылап, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударады. Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысы өтеді. Ал 15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады. Кездесудің басты тақырыбы – «Жасанды интеллект және цифрлық даму». Саммит барысында заманауи технологияларды енгізу, цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты күшейту және инновациялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелері қарастырылады. Бұл маңызды жиын түркі елдері арасындағы өзара байланысты арттырып қана қоймай, аймақтық дамуға жаңа серпін береді деп күтілуде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.