ШҚО-да 300 шақырымнан астам жол жөндеуді қажет етеді

Шығыс Қазақстан облысында мың шақырымнан астам жол сызығын салып, 400-ге жуық жол белгісін ауыстыру қажет. Оның сыртында 300 шақырымнан астам жолды жаңарту міндеті тұр. Жергілікті полиция мен жол-техникалық инспекторлар жүргізген тексерістен кейін осындай ұйғарым шығарылды. Мамандардың айтуынша, әсіресе туристер жиі қатынайтын Алтай бағытының жолы сын көтермейді. Былтыр Ұлттық жол активтері сапасы орталығының сарапшылары мердігер компанияларға талапқа сай келмеген 4 500 шаршы метрге жуық асфальтты өз қаражатына қайта төсеуді міндеттеген. Осыған байланысты биыл республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға берілетін кепілдік мерзімін бес жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал