Кескінедеме, графика және керамика. Осы үш бағытты өнеріне өзек етіп алған апалы-сіңлілі Ғалия және Балхия Құсайыновалар суретсүйер қауымға ерекше тарту жасады. Өнер жолында Габо деген лақап атпен танымал егіздер ым-ишара иелерінің ішкі жан-дүниесін қағазда суреттеді.
Алматыда апалы-сіңлілі қос суретшінің көрмесі қалың көпшілік үшін есігін айқара ашты. Онда қылқалам шеберлерінің керамика, кенеп пен қағаз бетіне бейнеленген шығармалары жұртшылық назарына ұсынылған. Өнерсүйер қауым суретшілердің саяхаттан алған әсерлері, ұлттар дәстүрі мен шығыс мәдениетіне деген сүйіспеншілігін терең сезіне алады. Көрмеде ертегідегі әйел бейнелері, мифологиялық сюжеттер мен ұлттық ою-өрнектер көрініс тапқан.
ҒАЛИЯ ЖӘНЕ БАЛХИЯ ҚҰСАИЫНОВА, СУРЕТШІЛЕР:
— Есту қабілетіміз бұзылғанымен, ішкі дүниеміз сезім мен эмоцияға толы. Сондықтан бәрін көзбен елестетеміз. Әлемді осылай қабылдаймыз және соны картиналарымыз арқылы жеткізуге тырысамыз. Көрмеде түрлі өркениеттің элементтері бар. Табиғатпен байланыс, экология, адамдар арасындағы қарым-қатынас тақырыптары да көрініс тапқан.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.