Астанада KazChess Awards 2026 сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Астанада KazChess Awards 2026 сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға үздік шахматшылар, жаттықтырушылар мен педагогтар жиналды. Биыл 20 номинация бойынша жеңімпаз анықталып, ерекше қажеттілігі бар спортшыларға арналған арнайы аталымдар енгізілді. Соңғы жылдары қазақстандық шахмат қарқынды дамып келеді. Еліміздің жасөспірімдер құрамасы әлемде бірінші орынға көтерілсе, былтыр қазақстандық шахматшылар халықаралық турнирлерде 162 медаль жеңіп алды. Оның 64-і алтын, 49 -ы күміс және 49-ы қола. Ал кеше ғана аяқталған Қазақстанның 2026 жылғы классикалық шахмат чемпионатында 15 жасар Сауат Нұрғалиев пен 16 жасар Зарина Нұрғалиева ерлер және әйелдер турнирінің жеңімпазы атанып, алтын медаль иеленді.
ТИМУР ТУРЛОВ, ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Биыл чемпиондық атаққа ие болған спортшыларымызды ерекше атап өткіміз келеді. Сонымен қатар кәсіби турнирлерде, кубоктарда және түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсеткен спортшыларымызды да марапаттаймыз. Бұл күн – шын мәнінде, әртүрлі турнирлер мен форматтардағы жетістіктерді мойындау күні. Шахматтағы кәсіби мамандарымыздың да, спортшыларымыздың да еңбегін бағалайтын ерекше сәт.

САУАТ НҰРҒАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ:
— Менің ойымша, жарыстардың ұйымдастырылуы және түрлі премия беру шахматшыларға мотивация береді. Өйткені ол біз үшін өте маңызды. Біз көп жаттығамыз, жұмыс жасаймыз және біз үшін ол – үлкен құрмет.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал