Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ЖАСӨСПІРІМ КЕСІРІ
Жасөспірімдердің рұқсатсыз көлік жүргізу дерегі жиілеп кетті. Таразда жүргізуші куәлігі жоқ 15 жастағы бала жол апатына ұшырады. Салдарынан қасында отырған жолаушы көз жұмды. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірімнің заңды өкілі жауапқа тартылар. Ал марқұмның обалы кімде?
АҚБАЯН КІНӘЛІ ЕМЕС
Ақбаян ақталуы мүмкін. Ата-енесі мен туыстарын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы әйелі кінәлі емес. Оның адам өлтіру дерегіне еш қатысы жоқ. Сондықтан оны кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылды. Бірақ ол сұмдықты жасырғаны үшін жауап береді.
ТҮТІН ҚОЛҚАНЫ ҚАПТЫ
Қарағанды облысында екі күннен бері қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Бықсып жанған өрттің түтіні Доскей кентіне жетіп, тұрғындардың қолқасын қапты. Күл-қоқыс алаңы елдімекеннен небәрі екі шақырымда орналасқан. Өрт үш гектар жерді шарпыды.
БАЙЛАНЫС НЕГЕ ҚЫМБАТ?
Байланыс қызметі 300 пайызға қымбаттаған. Оған не себеп, ал сапасыз интернетке кім жауапты? Бұл сұраққа Мәжіліс отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жауап берді. Ал депутаттар сайлау тәртібін бұзғандарды қатаң жазаламақ.
ҮШ ӨЗЕК
Кескінедеме, графика және қыш. Осы үш бағытты өнеріне өзек етіп алған апалы-сіңлілі Ғалия және Балқия Құсайыновалар суретсүйер қауымға ерекше тарту жасады. Өнер жолында Габо деген лақап атпен танымал егіздер ым-ишара иелерінің ішкі жан-дүниесін қағазда суреттеді.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.