Түркістанда халықаралық саммитке байланысты қауіпсіздік күшейтілді

Ер түріктің бесігі – Түркістанда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне дайындық қызу. Киелі шаһарға әр өңірден күштік құрылым өкілдері тартылды.
ГҮЛДАНА СЕЙДРАСУЛ, ТІЛШІ:
— Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне дайындық қарқынды жүріп жатыр. Маңызды халықаралық жиын қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге күштік құрылымдардың ауқымды құрамы жұмылдырылды. Түркістанға Қызылорда, Тараз, Шымкент және Алматы қалаларынан тәртіп сақшылары тартылды. Сондай-ақ Ұлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігінің сарбаздары қатарға қосылды. Ал бұл – төтенше жағдай қызметінің арнайы техникалары. Радиактивке қарсы арнайы көлік, Кибертрак, аппаттар медициналық орталығы секілді бұл техникалар өзге өңірлерден арнайы шақырылған.

АСҚАР СЕЙСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Саммиттегі 16 нысанда жеңіл және тез баратын Тайота хайлюкс автокөліктері, сонымен қатар өрт сөндіру автокөліктері жауынгерлік есепте тұр. Бір ұшақ арнайы берілген. Сонымен қатар Қызылорда облысынан бір ұшақ келеді. Жалпы, қауіпсіздікті осы техникалармен атқарамыз.

БАҒЛАНБЕК АЙТБАЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
— Түркістан қаласы бойынша республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тасжолы өтеді. Ол жолмен транзиттік көліктер жүреді. Сол себептен біз айналма жол қарастырдық.
ГҮЛДАНА СЕЙДЖРАСУЛ, ТІЛШІ:
— Қаланың алты кіреберісінде арнайы бекет қойылып, көліктер тексеріліп жатыр. Саммит өтетін күні республикалық маңызы бар жолдар мен қалаішілік көшелерде уақытша шектеу енгізіледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 71 техника мен 300-ге жуық қызметкер жұмылдырылған. Ресми делегацияларды тасымалдайтын қызметтік көліктер де толық дайындықтан өтті. Төтенше жағдай қызметінің мамандары жиын өтетін орындағы қауіпсіздік талаптарының толық сақталуын қайта тексерді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал