Ұлытауда куәлігі жоқ жүргізуші 130 оқушыны тасып жүрген

Ұлытау облысында құлағы естімейтін адам мектеп оқушыларын автобуспен жүргізуші куәлігінсіз тасып келген. Ол тіпті «аздап ақыл-есі кем» адам ретінде диспансерлік есепте де тұрған болып шықты. Заңбұзушылықты Қаражал қаласының прокурорлары анықтады. Осындай кемшіліктерге қарамастан, оның қолына баланың тағдыры қалай тапсырылғаны белгісіз. Ол күн сайын шамамен 130 баланы тасымалдап отырған.
МАҚСАТ ҚАЛИЕВ, ҚАРАЖАЛ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:
— Сонымен қатар жүргізуші мен осы білім беру мекемесінің басшысы арасында жақын туыстық байланыс болған. Жеке бастың мүддесін көздеген басшылық балалар қауіпсіздігін ойламаған. Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде жүргізуші мектеп автобусын басқарудан шеттетілді, ал кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал