Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы 10 адам тұтқынға алынды

Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы 10 адам тұтқынға алынды. Қылмыстық топ қатарында бұрын істі болған, қылмыстық орта өкілдері де бар. Күдіктілер мегаполис аумағында жасалған бірқатар ауыр және аса ауыр қылмысқа, қару қолданылған бұзақылық, бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, өзге де тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деп айыпталды. 21 рет тінту жүргізіліп, біраз қару-жарақ пен өзге де қауіпті зат тәркіленді.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:
— Аталған қару қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған. Күдіктілердің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Құқыққа қарсы әрекеттердің қосымша эпизодтарын және өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал