Астанадағы Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот Бақытжан Байжановқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот оның кінәсі дәлелденген және іс-әрекеттері қасақана қылмысты жасыру деп негізді түрде танылғанын мәлімдеді. Айта кетейік, сотталушының адвокаттары жазаны жеңілдетуді сұраған.
ЕРЛІК СЕРАЛИН, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯСЫ:
— Алқабилердің үкімі негізінде сот Бақытжан Байжановты аса ауыр қылмысты жасыру фактісі бойынша кінәлі деп таныды. Сот анықтауынша, Нүкенованың өлімінен кейін Байжанов жасалған қылмыс туралы біле тұра, аса ауыр қылмыстың ізін жасыруға әрекет жасаған. Ол құзырлы орган қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіріп, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды өшірген. Сот тағайындаған жаза әділетті, жасалған іс-әрекеттің сипатына сай келеді және қайта қарауға жатпайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.