Түркі мемлекеттері шахмат тақтасында бақ сынайды

Астанада әйелдер, ерлер және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында шахматтан түркі елдерінің алғашқы командалық чемпионаты басталды. Турнирге Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан құрамалары қатысуда. Қазақстан жарыс қожайыны ретінде әр санатта екі командадан қосып отыр. Жалпы, 21 команда бақ сынайды. Жүлде қоры – 27 миллион теңге. Түркі елдерінің жаңа турнирі Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға мемлекеттік сапарымен тұспа-тұс келіп тұр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сәйкестік шахматтың тек спорт қана емес, дипломатияның да маңызды құралы екенін көрсетеді.
ГҮЛМИРА ДӘУЛЕТОВА, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
— Бірінші рет түркі тілдес мемлекеттер арасында шахмат жарысын өткізейік деп жатырмыз. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал