«Ерекше» фильмінің табысы ерекше балаларды қолдауға бағытталды

«Ерекше» фильмі биылғы көктемдегі ең көп талқыланған әлеуметтік жобалардың біріне айналды. Параспортшылар туралы бұл туынды көп көрермен жинап қана қоймай, қоғамның инклюзия мәселесіне назарын аудартты. Сонымен қатар прокат кезінде жиналған 165 миллион теңге мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға арналған эндаумент қорына аударылды. Фильмнің түсіріліміне бочча спортшыларының өздері де қатысты. Олар актерлерге кеңес беріп, кадрға да түсті. Көптеген спортшы үшін бұл кино саласындағы алғашқы тәжірибе болды. Қатысушылардың айтуынша, түсірілім алаңындағы жұмыс оларға ерекше әсер сыйлап, параспортшылардың өмірін көрерменге шынайы көрсетуге мүмкіндік берген.
ИТИАНА ШЫҢҒЫСХАНОВА, ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ БОЧЧА ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
— Мені түсірілімге қатысуға шақырғанда, қатты қуандым. Әрине, бәрі ұнады, өте қызықты әрі әсерлі болды. Бізді актерлерге кадрда қалай қозғалу керек екенін көрсету үшін шақырды. Яғни олар рөлге жақсы енуі үшін көмектестік. Олардың мүгедектер арбасында қозғалып, допты ұстап, алаңда өзін қалай ұстауды үйренуге тырысқанын көру қызық болды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал