Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
БАЛА ТАҒДЫРЫМЕН ОЙНАҒАН
Ұлытау облысында құлағы естімейтін адам мектеп оқушыларын автобуспен жүргізуші куәлігінсіз тасып келген. Ол тіпті «аздап ақыл-есі кем» адам ретінде диспансерлік есепте де тұрған болып шықты.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП
Алматыда тұрғындарды ұрып-соғып бопсалап, аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 10 адам тұтқындалды. Олардың арасында бұрын істі болғандар бар. Тінту кезінде күдіктілерден қару-жарақ арсеналы тәркіленді.
ҮКІМ ӨЗГЕРМЕЙДІ
Қуандық Бишімбаевтың туысы – Бақытжан Байжановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды. Оның адвокаттары кассациялық сотқа жазасын жеңілдету туралы шағым түсірген. Ол Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша 4 жылға сотталған болатын.
ТЫҢШЫ-ДРОН
Солтүстік Қазақстан облысында тұратын оқушы тыңшы дрон ойлап тапты. Қондырғы кез келген кедергіні бұзып өтеді. Жасанды интеллектімен басқарылатын дрон 7 шақырымға дейін ұшып, айналаны таспалайды.
GEO STAR
Төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан ұлттық Geo Star олимпиадасының қатысушылары елорданы көгалдандыруға атсалысты. Тек география пәні бойынша өтетін сайысқа еліміздің 15 өңірінен 60-қа жуық оқушы жиналды.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.