Астананың сәулеттік келбетіне бірыңғай талап енгізіледі

Астана мәслихаты мен әкімдігіне жаңа құзыреттер берілуі мүмкін. Қос палататаның бірлескен отырысында депутаттар «ҚР астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа сәйкес, енді Елорданың маңындағы аумақтардың шекарасы мен оны пайдалану тәртібін Үкімет бекітеді. Сонымен қатар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, туризм, жолдарды күтіп ұстау және жер қатынастарына қатысты мәселелер де жаңаша реттелмек. Бұдан бөлек, Астананың сәулеттік келбетіне ерекше назар аударылып отыр. Яғни ғимараттардың сыртқы көрінісі, жарнамалар мен көшелерді безендіру бірыңғай талаппен жасалады.
БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ, ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ М.А.:
— Сәулет және қала құрылысы кеңесін құру жоспарлануда. Кеңес сондай-ақ, қаланың маңындағы қала құрылысы мен көркемдік келбетін құру бойынша жобаларды қарастыратын болады. Бұл бірыңғай қала құрлысы саясатын іске асыруға, елді мекендерді орнықты дамуын қамтамасыз етуге заманауи келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал