Елімізде көп ұзамай жүздеген автомектеп жабылуы мүмкін. Оған дау жоқ. Сала мамандары ұйымдарға талапты күшейтуді көптен күткенін айтады. Әйтпесе көлеңкелі бизнестің жемсауына айналған жүйеде олқылық көп. Салдарынан шала сауатты жүргізуші көбейіп, жол апаты жиіледі. Қазір Парламентте Ішкі істер министрлігі әзірлеген автомектептерге қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Құжатта курсанттарды биометрия арқылы сәйкестендіру, автомектептерді лицензиялау және оқу процесіне қойылатын талапты күшейту қарастырылған. «Бұл жалған сертификаттардың жолын кесіп, жүргізушілерді даярлау сапасын арттырады», — дейді мамандар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.