Еліміздің солтүстігінде құрылысы 9 жыл бұрын басталған республикалық маңызы бар Челябі – Новосібір тас жолын күрделі жөндеу биыл аяқталады. Жауаптылар осылай деп сендіріп отыр. Петропавл қаласынан Ресейдің Қорған өңіріне апаратын күре жолды жаңғырту жұмысы жауапсыз мердігер кесірінен кешеуілдеген. Сондықтан келісімшарт бұзылып, іс сотқа жетті. Енді жоба қайта жанданып отыр. Жалпы биыл өңірде 700 шақырымнан астам жол тегістеледі. Бұл мақсатқа қазынадан 90 млрд-қа жуық теңге бағытталды.
САМАТ АҚЖІГІТОВ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қазіргі таңда жергілікті жолдар 89, ал республикалық трассалардың 91 проценті нормативке сай. Осы жылы Покровка – Мальцево, Қаратерек, Долматов, Петропавл – Бескөл, Летовочный және тағы да басқа учаскелерді назарға алдық. Мұнымен қоса 9 ауылға апаратын күре жолдар тегістеледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.