Астаналық колледжде инновациялық IT жобалар жүзеге асырылып жатыр

Астана POLYTECHNIC Жоғары колледжі – заманауи білім беру ошағы. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында инновациялық жобаларды жүзеге асырып жатқан оқу орны. Колледжде студенттер мен оқытушылардың қатысуымен, бірқатар ауқымды жоба әзірленіп жатыр. Негізгі бағыт – IT, білім беру, дизайн және цифрлық инженерия салаларында.
Бұл бастамалар Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін цифрландыруға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған. Президент Жарлығымен биыл – «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» болып жариялануы 30 жылдық тарихы бар оқу орнын жаңа технологияларды дамытып, жасанды интеллектіге ден қоюға мүмкіндік берген.

САМИР КЕРИМОВ, «ASTANA POLYTECHNIC» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу аясында біз оқу процесінде студенттерге қызықты контент жасадық. Яғни, оқытушы өзінің цифрлық аватарының көмегімен кез келген студентке сабақ өткізе алатын арнайы виртуалды орта құрады. Студент қай жерде, әлемнің қай нүктесінде болса да, сол ортаға қосылып, сабаққа қатыса алады.

Бұл кәдімгі браузерде жұмыс істейтін арнайы ойын платформасы. Мәселен, оқытушы өз материалдарын виртуалды ортаға жүктейді де, студенттерге сілтеме жібереді. Сол сілтеме арқылы браузерден сабаққа кіріп, оқытушымен байланысуға болады. Студенттер өз ұстазын жасанды интеллект арқылы таниды.

МҰХИТ ҚИБАДОЛЛДИН, КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ:
— Бағдарламаның ең бастапқы мақсаты ескі суреттердің сапасын жақсартуға арналған еді. Бұл бағдарлама өте қолайлы. Себебі көптеген ЖИ қосымшалардың белгілі бір шектеулері болады. Ал бұл бағдарламада шектеу жоқ.
МАЙРА СЕМБИНА, «ASTANA POLYTECHNIC» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бүгін екі жоба таныстырылды. Жалпы, бұл – цифрландыру жылы аясында жүзеге асып жатқан жұмыстардың бір бөлігі. Біз көптен бері түрлі қызықты жоба әзірлеумен айналысып келеміз. Қазір шамамен 10 жоба оқу процесінде белсенді қолданылып жүр.

Студенттер бұл қосымшаларды белсенді пайдаланады. «Олар оқу үдерісін жеңілдетіп, білім алуды заманауи әрі қолжетімді етуге көмектеседі», — дейді колледж мамандары.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал