Қазақстан AI технологияларын дамытуда алға шықты

Қазақстан технология өсімі бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына енді. Цифрландыру дәуірінде елдер арасында бәсеке күшейді. Мысалы, халықаралық зерттеу бойынша жасанды интеллект сервисін әлемнің әр түкпірінен миллиондаған адам қолданып, күнделікті дағдыға енгізе бастады. Осы ретте Қазақстан көштен қалып отырған жоқ. Өзінің жеке жасанды интеллект экожүйесін қалыптастырып жатыр. Microsoft компаниясы әзірлеген Global AI Diffusion рейтінгі бойынша, Қазақстан жасанды интеллекті енгізу жағынан Орталық Азия және Еуразиялық экономикалық Одақ елдері арасында суырылып алға шықты. Мамандар озық технологияны жиі қолданатын 15 және 64 жас аралығындағы адамдардан сауалнама жүргізген. Сонымен, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан 147 елдің ішінде 70-ші орынға тұрақтаған. «Бұл – 15,9% өте жоғары көрсеткіш», — дейді сарапшылар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал