Керегесі кең, босағасы берік отбасының сыры неде? 15 мамыр – халықаралық отбасы күні.
Дугали әулетінде әрдайым жылулық пен береке сезіледі. Дастарқан басына үнемі бірнеше буын өкілі жиналады. Олар үшін отбасы – қамқорлық пен сүйіспеншілік ортасы. Дана мен күйеуі Медғат студенттік кезден бірге оқыған. Бүгінде олар стоматологтар әулетінің жолын жалғастырып келеді. Қарбалас жұмысқа қарамастан, олар үшін ең қымбаты – балалары және жақындарымен бірге өткізетін уақыт.
ДАНА МЕНЖАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Әрине, балаларды арнайы отырып тәрбиелеу мүмкін емес. Сондықтан біз оларға өз іс-әркетемізбен үлгіміз. Мысалы, өз ата-анамызға қалай қарайтынымызды балалар көреді, соның бәрін бойына сіңіреді.
Үлгілі отбасында болашақ жеңімпаздар өсіп келеді. Кішкентай Исмаил мен Софи музыка және спорттық бимен айналысады. Олар түрлі байқауға қатысып, жетістіктерге де жетіп жүр. Ал үйдегі ерекше жылы атмосфераға атасы жауапты. Ол немерелеріне ана тілін үйретеді, бірге өлең жаттайды және сабақты ойын арқылы қызықты етіп түсіндіреді.
ДОНАТ МЕНЖАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Қазіргі отбасы түсінігі біз өмір сүрген кезеңдегі отбасыдан басқаша. Біз де Алматы қаласында, орталықта тұрдық, бірақ жағдай мүлде басқа еді. Ғаламтор да, қазіргі гаджеттер де болған жоқ. Біз әрдайым балаларға ең жақсы қасиеттерді сіңіруге тырыстық. Мысалы, адамдарды жақсы көруді, көмектесуді үйреттік.
Заман өзгерсе де, отбасылық құндылық өзгермейді. Бақытты отбасы ең қарапайым дүниелерден тұрады: кешкі асқа жиналу, шынайы әңгіме, серуен, қолдау көрсету және бір-бірін тыңдай білу. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан осындай дәстүр берік отбасының нағыз іргетасына айналады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.