Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
БЕЙРЕСМИ САММИТ
Жасанды интеллект дәуіріндегі түркі интеграциясы. Ер түріктің бесігі – Түркістан төрінде Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтті. Түркі әлемі құлағын түріп, төрткүл дүние көз тіккен алқалы жиын Қазақстанның төрағалығымен ұйымдастырылды.
ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ МӘРТЕБЕСІ
Халық кеңесі ұсынымдарды әзірлеуге арналған пікір алмасу алаңы болады. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтылды. Сонымен, жаңа орган мүшелерінің өкілеттік мерзімі қанша жыл болады және оларға жалақы төлене ме?
САУАТСЫЗ ЖҮРГІЗУШІГЕ ТОҚТАУ
Елімізде жүздеген автомектеп жабылады. Оған дау жоқ. Сала мамандары ұйымдарға талапты күшейтуді көптен күткенін айтады. Әйтпесе көлеңкелі бизнестің жемсауына айналған жүйеде олқылық көп. Салдарынан шала сауатты жүргізуші көбейіп, жол апаты жиіледі.
ҚАЗАҚСТАН КӨШ БАСТАДЫ
Еліміз жасанды интеллектіні енгізу бойынша әлемдік рейтингте көш бастады. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан 147 елдің ішінде 70-ші орынға тұрақтады. «Бұған мектептер мен колледждерге жаппай енгізіліп жатқан ақылды жүйе септігін тигізді», — дейді сарапшылар.
ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ
Керегесі кең, босағасы берік отбасының сыры неде? Бүгін – халықаралық отбасы күні. Осыған орай тілшілеріміз Алматыда тұратын үлгілі ерлі-зайыптының бала тәрбиесіндегі орасан зор үлесі жайлы сыр шертеді.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.