Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік инспектор мен нотариус қатысқан тоғыз адамнан тұратын қылмыстық топ жүк және жеңіл автокөлікті заңсыз тіркеумен айналысқан. Олар мессенджер мен интернет-ресурс арқылы клиент тауып, міндетті төлемді төлемей-ақ көлікті тіркеу қызметін ұсынған. Есептен шығарылған автокөлікті пайдаланылып, жалған сатып алу-сату шартын рәсімдеген. Шығын көлемі – 700 миллион теңге. Қазір сот санкциясымен жалпы құны 2,4 миллиард теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Бесеуі қамалды, тағы үшеуі үйқамаққа жіберілді. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.