Көкшетауда жолаушылар отырған паром су ортасында қалды. Қала тұрғындары жақсы көретін Қопа көлінде жақында судағы серуен қызметі басталған еді. Алайда сондай саяхаттың бірі қайғылы аяқтала жаздады. Су ортасына жеткенде, жағаға шамамен 700 метр қашықта су көлігінің қозғалтқышы істен шыққан. Паромда жиырмадан астам адам болған, бала да бар. Оқиға орнына құтқарушылар жетті. Олар көлді патрульдеу кезінде су ортасында тоқтап тұрған паромды байқап, сол жерге барған. Қорқып қалған жолаушылар аман-есен жағаға жеткізілді.
РҮСТЕМ, ПАРОМ ЖҮРГІЗУШІСІ:
Құтқарушылар тез келіп, жедел әрекет етті. Барлық жолаушы эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушыларға рақмет!
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.