Астанада пробациялық бақылауда тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Астанада пробациялық бақылауда тұрған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеп, жұмысқа орналастыруға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Қаладағы 42 жұмыс беруші мекеме 550-ден астам вакансия ұсынып, қиын жағдайға тап болған жандарға жаңа өмір бастауға мүмкіндік берді. Бұл шара «Заң мен Тәртіп» аясында өткізілді.
Астанада пробациялық бақылауда тұрған азаматтарға арналған профилактикалық іс-шара өтті. Негізгі мақсат – қиын жағдайға тап болған жандарды қоғамнан оқшауламай, қайта әлеуметтендіру.
Қатысушыларға рухани-адамгершілік құндылық пен отбасы алдындағы жауапкершілік жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара дан кейін қаладағы 42 жұмыс беруші азаматтарға 550-ден астам вакансия ұсынды. Қатысушылар слесарь, сантехник, инженер секілді түрлі мамандықпен жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.

БАҒИЛА ОРЫМБЕТОВА, МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Жәрмеңкеде ең жақсысы, жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің арасындағы сұхбаттасу бірден өтеді. Жұмысқа қабылдауға өте қолайлы.
Жыл басынан бері пробациялық бақылауда тұрған 75 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал