Еңбек нарығындағы жаңа үрдіс: жастардың жұмысқа көзқарасы өзгерді

Кадр тұрақтамайды. Әсіресе жастар арасында бір жерде 2-3 ай ғана жұмыс істеп, шығып кететіндер қатары екі есе көбейген. Бұның себебі мен мәселені шешудің жолын HR-мамандар Астанада өткен жұмыс берушілердің алғашқы форумында бірігіп іздеді. Білікті кадр тапшылығы – бөлек әңгіме. Маман жетіспеушілігі қазірдің өзінде жаңа жобаларды тежеп, өндірістің қарқынына әсер ете бастаған. Цифрландыру мен жаңа технология үдеп тұрған заманда талап та күшейіп, компания бар кадрды ұстап қалу үшін қайта оқытып, жұмыс жүктемесін арттыруға мәжбүр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал