Білім беру саласында жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңінен қолданыла бастады. Соның бірі – оқушылардың білім деңгейін саралап, жеке оқу бағдарламасын ұсынатын BeyimAI платформасы. Қазақстандық мамандар мен халықаралық серіктестер әзірлеген жобаны қазір Назарбаев зияткерлік мектептерінде және келешек мектептерде қолданып жатыр. Мамандардың айтуынша, цифрлық жүйе мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасын теңестіруге мүмкіндік береді.
Елімізде білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологиясы енгізіліп жатыр. Соның бірі – оқушының білім деңгейін саралап, жеке оқу траекториясын қалыптастыратын BeyimAi платформасы. Қазақстандық және Аризона штаты университетінің мамандары әзірлеген. Платформа Назарбаев зияткерлік мектептерінің 7-11 сыныбында қолданылады. Биыл жалпы білім беретін 22 келешек мектебінде және шағын жинақтағы 7 мектепке пилоттық жоба ретінде енгізілді.
АЛМАТ ХАМИТ, BEYIMTECH КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ:
— Платформаның ең бірінші плюсі – шалғай жатқан ауыл мектептерінің оқушыларына қала оқушыларымен бірдей білім алуға тең мүмкіндік береді. Тағы да айта кететіні, ұстаздардың иығынан үлкен жүкті түсіреді. Себебі ЖИ арқылы ұстаз өзінің оқыту процесін жеңілдетеді.
Платформа бірнеше жыл сынақтан өткізіліп, ондаған оқу курсы мен мыңдаған тапсырма жинақтаған. Веб-нұсқасымен қатар, Android және iOS жүйесінде де үш тілде қолжетімді. Мұнда мұғалім, оқушы және мектеп басшылығына арналған жеке кабинет бар.
BeyimAI – ең озық цифрлық білім беру платформасы. Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық орта мектепке кезең-кезеңімен енгізіледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.