Родина ауылындағы музейде әскери жәдігерлер сақталған

Әр жәдігер – өткеннің аманаты. Ақбола облысына қарасты Родина ауылындағы әскери-тарихи музейде өткен ғасырдың лебі сезіледі. Мұнда бронды көлік, артиллериялық жүйе, ұшақ үлгілері мен атыс қарулары сияқты майдан даласының үнсіз куәсіне айналған жәдігерлер сақталған. Әр экспонаттың өз тарихы, өз тағдыры бар. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі, сарғайған архив құжаты мен жауынгерлік тудың көшірмесі де көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Музейдің жеке бөлімі ақмолалық батырлардың ерлігі мен тылда тынымсыз еңбек еткен жанның жанкештілігінен сыр шертеді. 1930 жылдары Родина ауылына алғаш қоныстанған көшпенділер пайдаланған тұрмыстық бұйымдар да сақталған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал