Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
СОТ БАСТАЛДЫ
Үш бірдей ауыр бап. Адам өлтіру, ұрлық және алаяқтық. Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасыны қырып салған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот отырысы басталды. Күдікті қолын не үшін қанға былғады?
ҚАУІПТІ СЕРУЕН
Көлдегі жайлы серуен аяқасты қауіпті тұзаққа айналды. Көкшетауда серуендеуге шыққан паромның моторы бұзылып, кеме кілт тоқтады. Су ортасында қалған 25 жолаушының тағдыры не болды?
СЕНІМДІ СХЕМА СЫР БЕРДІ
Алым-салымсыз көлікті тіркеп береміз. Ақтөбе, Атырау, Оралда есептен шыққан машинаны жалған құжатпен қайта өткізіп отырған алаяқтар ұсталды. Олар нотариус, арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріі болып шықты.
LRT ЖӘНЕ ТӘРТІП
LRT-дағы қауіпті эксперимент. Астанада халыққа қызмет көрсете бастаған жеңіл рельсті көліктің тежегішін басқан кім? Қауіпсіздік ережесін өрескел бұзғандар анықталып жатыр. Қаскөй есікті күштеп ашып, тоқтатпақ болған.
ОНЛАЙН-МУЗЕЙ
Үйден шықпай-ақ музей аралаңыз. Еліміздегі 286 музей мен 4,5 миллионнан астам көне жәдігер «E-museum» бірыңғай платформасына көшірілді. Енді кез келген уақытта смартфон арқылы тарих қойнауына үңіле аласыз.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.