Астана әлемдік мегаполиске одан әрі жақындай түсуге дайындалып жатыр. Премьер-министр елордадан жаңа халықаралық авиарейсті іске қосуды жеделдетуді тапсырды. Тізімде Нью-Йорк, Токио, Лондон, Париж, Рим және Вена бар. АҚШ және Жапониямен тікелей авиақатынас туралы айтылып жүргеніне бірнеше жыл болды, бірақ енді нақты мерзімі белгілене бастады. Бүгінде Астанадан 34 халықаралық рейс орындалады. Жыл соңына дейін тағы бес жаңа бағыт ашылады. Токиоға тікелей рейсті осы жылдың төртінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр. АҚШ-пен қатынасты келесі жылдың ортасына қарай жолға қоюға уәде беріп отыр. 2027 жылға арналған жоспар бұдан да ауқымды. Елордадан Лондон, Париж, Рим және Венаға тікелей ұшу рейсі ашылмақ. Сонымен қатар Қазақстан азаматтық авиация үшін кадрлар даярлауды күшейтуде. Авиациялық мамандықтарға арналған білім беру гранттың саны шамамен бір жарым есе – 380-нен 586-ға дейін ұлғайтылды. Жыл басынан бері ғана Алматы – Шанхай, Астана – Ереван, Атырау – Ташкент және Ақтау – Ереван рейсі ашылып үлгерді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.