Жетісу облысында мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің шатырынан су өтіп, қабырғасы көгерген

Жетісу облысы Балпық би ауылының тұрғындары мемлекеттік бағдарлама арқылы алған үйлердің сапасына шағымданды. Былтыр әлеуметтік осал топтағы жандарға арналып салынған 40 баспана жыл басында ғана пайдалануға берілген болатын. Алайда көп ұзамай-ақ үйдің шатырынан су өтіп, қабырғасы көгере бастаған. Ал жергілікті әкімдік тұрғындардың арыз шағымы бойынша мердігер компанияға ескерту бердік деп отыр. Жауаптылар қазір құрылыс кезінде кеткен қателіктерді түзетіп жатыр.
ҚУАНЫШ ЖҰМАТ, КӨКСУ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Ақауларды түзету басталды. Аталған 5 үйдің арыз шағымы бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Мердігерге ескерту берілді. 10 күннің ішінде жұмысты аяқтайды. Жасамаған жағдайда сотқа жүгінеміз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал