Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана 5 жылға сотталды

Сот балаларын аяусыз ұрып-соғып, қорлаған 30 жастағы ананы 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды. Әйел кәмелетке толмаған бірнеше адамды қинау бабы бойынша кінәлі деп танылды. Балаларына қыздырылған үтік басқан. Қыста өзенге суға түсірген. Айыпталушы өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтқанымен, шыққан сот үкімімен келіскен жоқ. Бұған дейін азаматтық соттың шешімімен бұл әйелдің ата-ана құқығы шектелген болатын. Қазіргі уақытта жәбірленген баланың барлығы мемлекеттің толық қамқорлығында.
АЛТЫН БІЛТЕБАЙ – СУДЬЯ:
— Сотталушы жәбірленушілерді яғни, кәмелет жасына толмаған бір емес екі баласын қинап, аса қатігездікпен зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Оларға тән азабын және психикалық зардап тигізген. Атап айтқанда, ұлын «темекі шекті» деп айыптап, оны қызып тұрған шанышқымен ерніне басып күйдірген. Содан бөлек, бірнеше рет ұрып-соғып, оларға тән азабын келтірген. Үтікті қыздырып басып, үстеріне шығып отырып, қызының ішіне, ұлының бетіне, жамбас тұсына бірнеше жерге басқан.
ГҮЛМИРА ЕРГЕШОВА, СОТТАЛУШЫ:
— 4 бала-шағамды мемлекетте қалдыруын сұраймын. Мұның бәрі өш алу емес, аффект жағдайында болған, көзіме ештеңе көрінбей, сол себепті Соттың үкімімен келіспеймін, жаза тым қатал.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал