Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
САБЫРСЫЗДЫҚ САЛДАРЫ
Бір сәттік ашудың ақыры. Талдықорғандағы төбелестен кейін студентті жасөспірім пышақтаған. 17 жастағы мектеп оқушысы қамалып, қылмыстық іс қозғалды.
СОТ ҮКІМІ
Үтікпен күйдіріп, суға тұншықтырған. Шымкентте өз балаларын қинаған әйел 5 жылға сотталды. Ананың аялы алақанына зәру 4 баланың тағдыры не болмақ?
ҮЙ ҚҰЛАДЫ
Тұрғындар жаппай көшіріліп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлютка қаласында көппәтерлі екі қабатты үйдің бір бөлігі опырылып түсті. Баспанасыз қалған отбасы қайда барады?
ЛОНДОН. ПАРИЖ. НЬЮ-ЙОРК
Астанадан Нью-Йорк, Лондон және Парижге тікелей рейс ашылады. Ел үкіметі халықаралық әуе қатынасын кеңейтудің ауқымды жоспарын таныстырды. Бұл шешім туризмге қалай әсер етеді?
ҚАУІПТІ ВИРУС
Әлемде жаңа індет тарап жатыр. Соңғы кезде көп елді дүрліктіріп жатқан Хантавирус қаншалықты қауіпті? Кәдімгі маска жұқпалы аурудан қорғай ала ма? Маман кеңесіне құлақ түрейік.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.