«Алтын көрсе, періште жолдан таяды». Ақмола облысында Бестөбе ауылында жабылып қалған шахтадан бағалы тас іздемек болған екеу топырақтың астында қалды. Құтқарушыларға олардың денелерін шығару үшін үш шақырым жердің топырағын қазуға мәжбүр болған. Олар Солтүстік Қазақстан облысының тумалары болып шықты. Ең жасы 21-де. Кен орнына кіретін жол әлдеқашан жабылған. Алайда оңай олжа іздегендер қайткенде де саңылау табуға тырысады екен. Өткен жылы облыста осындай 800-ден астам жағдай тіркелген. Биыл да жалғасып жатыр. Соңғы өлген екі адамға қарамастан тағы да сол жерде заңсыз қазба жасап жүрген адам ұсталған.
ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, ЕРЕКШЕ МАҢЫЗДЫ ТАПСЫРМА БОЙЫНША АҒА ИНСПЕКТОР:
— Оқиға орнына шұғыл түрде полиция қызметкерлері, тергеу тобы және құтқарушылар аттанды. Апаттық-құтқару жұмыстарынан соң қайтыс болған екеудің денелері жоғарыға шығарылды. Оқиға ізімен Стеногорск қалалық полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.