Шымкентте «5 күнде ақшаңды 50%-ға көбейтіп береміз» деген алаяқтар ұсталды

Шымкентте әлеуметтік желі арқылы қаржылық сиқыр көрсетпек болғандардың жолы кесілді. Жұртты 5 күнде ақшаңды 50%-ға көбейтіп береміз деп қызықтырып, 20 мыңнан 500 мың теңгеге дейін жинап алған. Бірақ бұл жерде ешқандай бизнес болмаған. Алғашқылардың пайдасы тек кейін келген аңқау салымшылардың қалтасынан төленіп отырған. Мамандар бес күнде байытамыз деген ертегіге сенбеуді және күмәнді жобадан аулақ болуды ескертеді.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Шын мәнінде, салымшыларға төлемдер жаңа қатысушылардан түскен қаражат есебінен жүргізілген. Нәтижесінде, қаржы пирамидасына 900-ден астам салымшы тартылып, жалпы салынған қаражат көлемі 700 млн теңгеден асқан. Тергеп-тексеру жалғасуда.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал