Кения – Қазақстанның Африка құрлығындағы маңызды әрі сенімді серіктесі

Қазақстан мен Кения арасындағы сауда мен инвестиция мүмкіндіктерін кеңейту үшін Іскерлік кеңес құру қажет. Астанада Кения президентімен болған келіссөзде Мемлекет басшысы осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Кения – Қазақстанның Африка құрлығындағы маңызды әрі сенімді серіктестің бірі. Байланысты одан әрі нығайту мақсатында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылады. Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге қосқан үлесі үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Кения президентін «Достық» орденімен марапаттады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
— Қазақстан мен Кения арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаныңызды ескере отырып, Сізге І дәрежелі «Достық» орденін тапсыруды зор мәртебе санаймын. Бұл жоғары марапат – Қазақстанның шексіз құрметі мен ризашылығының, сенім мен өзара құрметке негізделген қарым-қатынасты жандандыру ниетінің белгісі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал