Шығыс Қазақстан облысында 1990 жылдардан бері алғаш рет өзен круизі қайта жанданды. Енді туристік бағыт Өскеменнен Қазақстандағы ең ірі Бұқтырма су қоймасының жағалауына дейін қатынайды. Жобаны жүзеге асырған капитан әрі кәсіпкер Олег Белов маусымға арнап алты жолаушылар кемесін дайындап шығарды. Жаңа туристік бағыт өңірдің көрікті жерлерін қамтып, гидроэлектр станцияларының бөгеттері арқылы шлюздеу жүйесімен өтеді. Сонымен қатар жергілікті билік пен Үкімет деңгейінде Ертіс өзені арқылы жүк тасымалын ұйымдастыру мәселесі қарастырылып жатыр. Осы мақсатта 2027 жылға дейін Тарбағатай ауданында Тұғыл порты салынбақ. Жаңа порт Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы су көлігі қатынасындағы маңызды логистикалық тораптардың біріне айналады деп күтіліп отыр.
ОЛЕГ БЕЛОВ, КАПИТАН:
– Су туризмін дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Шығыс Қазақстан облысында елдегі су ресурстарының тең жартысына жуығы шоғырланған. Ал Тұғыл порты арқылы жүк тасымалын іске қосу мәселесі үш жылдан бері күн тәртібінен түскен емес. Бүгінде «Қазақстан су жолдары» Қытай – Қазақстан – Ресей бағыты бойынша жүк кемелерінің еркін қатынауын қамтамасыз ету үшін өзен арналарының қажетті тереңдігін қалыптастырумен айналысып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.