20 мамыр күні Астанада «Ұмай» кәсіпкер әйелдер қауымдастығының 9-шы форумы өтті. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан астам кәсіпкер әйел қатысты. Форумның басты мақсаты – әйелдердің өзін-өзі дамытуына қолдау көрсету, шағын бизнесті дамыту және қазіргі экономикалық жағдайда олардың бәсекеге қабілеттілігі мен табысын арттыру. Форум аясында кәсіпкерлік, білім, медицина, мейрамхана бизнесі мен медиа саласындағы танымал спикерлер өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар шара барысында «Анамның қолымен жасалған» атты көрме ұйымдастырылып, оған 70-тен астам қолөнерші мен отандық өнім өндіруші әйел қатысты.
ЖӘМИЛЯ ЕРНАЗАРОВА, КӘСІПКЕР:
— Біз әйелдердің дамуына көмектесеміз. Қазіргі заманға сай өзекті білім мен елдегі жетекші кәсіпкерлердің тәжірибесін ұсынамыз. Біздің алаңдағы барлық спикер – интеллектуалды волонтерлер. Біз үш жарым жылдан бері осы бағытта жұмыс істеп келеміз. Бұл – әйелдердің қоғамдағы рөлін қолдайтын, қазақстандық әйелдерге сенім білдіретін жандар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.