Шымкентте «5 күнде ақшаңды 50%-ға көбейтіп береміз» деген алаяқтар ұсталды | 20.05.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

АЖАЛ АПАНЫ
Ақмола облысына қарасты Бестөбедегі жабық шахтада алтын іздеген екі адам топырақ астында қалып, қаза тапты. Соған қарамастан, кен орнына заңсыз кірген тағы бір адам ұсталды.

ЖЕҢІЛ ТАБЫС
5 күнде байып кетесіз деген әдемі уәдеге сенген жұрт ақшасынан қағылды. Шымкентте 900-ден астам адамды алдап, 700 миллион-нан астам теңге жинаған қаржы пирамидасы құлады. Күдіктілер қолға түсті.

ДУМАНДЫ КЕШКЕ ШЕКТЕУ
Биылғы түлектер ақша шашып, табиғатта таң аттыра алмайды. Елімізде мектеп бітіру кешін мейрамхана мен демалыс аймағында өткізуге тыйым салынды. Ал сіз мектеп бітіруге ақша жинап жатырсыз ба?

ҚАЛАДАН – АУЫЛҒА!
Уәде бар, үй жоқ. Абай облысында «Қаладан ауылға» бағдарламасымен көшіп барғандар берілген үйдің сапасына шағымданды. Енді қабырғасы қақырап, төбесі сетінеген баспананы олар өз күшімен жөндеуге мәжбүр.

СУДАҒЫ САЯХАТ
Су үстіндегі саяхат. Шығыс Қазақстан облысында өзен круизі 40 жылдан кейін қайта жанданды. Енді Өскеменнен Бұқтырмаға дейін су жолымен саяхат жасауға болады. Алты бірдей жолаушы кемесі сақадай сай тұр.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал