Әуе шебінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандар кімдер?

Бүгін – Әуе қорғанысы күштері инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету мамандарының кәсіби мерекесі. Техниканың жарамдылығы мен елдің әуе шебін қорғау жөніндегі міндетті орындауға дайындығы дәл осы сала қызметкерінің қолында. Инженерлер ұшақ пен тікұшақты тексеріп, баптап, елдің әуе шебін сенімді етуге жауап береді. Диагностика жүргізіп, жабдықты баптайды және әуе кемелерін ұшуға дайындайды.
Айта кетейін, осы бейіндегі мамандарды даярлау Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде және шетелдік әскери оқу орындарында жүзеге асырылады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал