Блогер сұлулықтың құрбаны болды ма? Пластикалық операция жасатамын деп кірген Сәуле Ермаханованың өлімінен кейін біраз мәселенің шеті көрінді. Туыстары жеке клиниканы айыптап отыр. Сәуленің қаза тапқанын біразға дейін хабарламаған. Дәрігерлер: «Операция жергілікті анестезиямен жасалады, бір жарым сағатқа созылады», — деген. Алайда операция кезінде пациент жүрек талмасынан қайтыс болды. Абдоминопластика – іш аймағындағы артық тері мен майды алып тастап, бұлшықетті қатайтатын пластикалық операция. Сондай-ақ отбасы жедел жәрдемнің шұғыл жеткеніне күмән келтірді. Марқұмның қызы дәрігерлер анасын аман алып қалу үшін қандай әрекет жасағанын білгісі келеді. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. Ал клиника жұмысын жалғастырып, жаңа пациентке кеңес беруді тоқтатпапты.
БОЛАТХАН БАЗАРХАНҰЛЫ, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:
— Қасында Сәуленің үлкен апасының қызы болған. Күту залында отырған. Сағат төрттен үш минут кеткенде қарындасым кірген. Бір жарым сағаттан кейін шығады деген. Бес жарымда шықпаған. Сосын апамның қызы айтады: «Дәрігерлер жүгіре бастады», — дейді. «Не болды?» деп сұрағанымда, маған ештеңе айтпады», — дейді.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Алматы қаласының 53 жастағы тұрғыны жекеменшік клиниканың бірінде көз жұмды. Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында қажет тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.