Президент мәдениет және өнер қайраткерлерін марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Мемлекет басшысы өнер адамдарының ел руханиятын дамытудағы еңбегін ерекше атап өтті. Бірқатар танымал қазақстандық әртістер ордендер мен медальдарға ие болды. Марапаттау рәсімі мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды. Қ. Тоқаев мәдениет саласы ұлттың рухани тірегі екенін айтты.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал