Жастарға арналған жаңа спорт кеңістігі. Астанадағы «Ататүрік» саябағында заманауи экстремалды скейт алаңы ашылды.
FLY PARK. Қоғамдық кеңістікте бой көтерген бұл нысан – тек спорт алаңы ғана емес, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған заманауи орта. Мұнда BMX велосипедтері, трюктік самокаттар мен скейтборд тебуге арналған арнайы аймақтар қарастырылған.
Алаң 6 трюктік элементтен тұрады. Биіктігі 3,5 метрден асатын нысан бір мезетте 25 адамға дейін қабылдай алады. Елорданың кез келген тұрғыны осында сергіп, шеберлігін шыңдай алады. Бастысы, салауатты өмір салтын ұстану.
ТАЛҒАТ РАХМАНБЕРДІ, АСТАНА ҚАЛАСЫ БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Жастар нашақорлыққа, ішімдікке салынбас үшін осындай орталарды көбірек ашамыз деген жоспарымыз бар.
Бүгінде қала бойынша экстремалды спорт түрлерімен 2000-нан астам адам жүйелі түрде айналысады. Сондықтан жаңа кеңістіктің ашылуы – спорттық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған нақты қадам емес, қала тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған үлкен мүмкіндік.
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, спорттық инфрақұрылымды дамытуға және қала тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.