«JAN Production» ісіне қатысты тергеу жүріп жатыр | 21.05.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

СҰЛУЛЫҚ ҚҰРБАНЫ
Сұлулық құрбаны. Алматыда танымал блогер әрі кәсіпкер Сәуле Ермаханова пластикалық операция кезінде көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды. Клиникадағы жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр

ТІЗІМДЕ КІМ БАР?
Айыппұл кешіріледі. Бірақ бәрінікі емес. Қазақстанда жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарды кешіру мәселесі қаралып жатыр. Тізімде кім бар?

ТЕКЕЛІДЕГІ ТҮЙТКІЛ
Текеліде 13 жыл бұрын жабылған қорғасын-мырыш комбинатының қалдығы әлі күнге дейін қала іргесінде жатыр. Тұрғындар жел көтерілгенде химиялық шаңның ауаға тарайтынын айтып шағымданды.

ҚҰРБАН ШАЛАТЫН ОРЫН
Құрбан айтқа бір апта уақыт қалды. Астанада құрбандық шалу арнайы орында рұқсат етіледі. Қазақстандықтарға талап пен тәртіпті сақтау міндеттелмек.

АҚЫЛДЫ АСПАП
Домбыра да цифрланды. Солтүстікқазақстандық мұғалім-инженер қазақтың киелі аспабына жарық диод орнатты. Енді нота білмейтіндер де домбыраны оп-оңай үйрене алады.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал