Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты тергеу созылып кетті. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді. Тергеу 6 айға созылғанымен, Нұрайдың ұялы телефоны әлі ашылмаған. Күдіктіге қатысты психологиялық-психиатриялық сараптама аяқталған. Шерхан Аймахан Талғардағы медициналық орталықтан Шымкентке қайта ауыстырылды. Қазір күдікті қамауда.
Айта кетейік, марқұмның туыстары, негізгі күдіктімен қатар, оның жақындарын да жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр. Қазір некеге мәжбүрлеу бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Егер туыстарының да алып қашуға қатысы бары анықталса, олар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
АЯНХАН ОМАРОВ, АДВОКАТ:
— Іс алтыншы ай тергеліп жатыр. Көңіліміз 100 пайыз толады деп айта алмаймын. Нұрайдың ұялы телефонына тағайындалған сараптама әлі дайын емес, қандай сарапатма берілді, онымен бізді таныстырған жоқ. Менің пікірімше, істің созбалаңға салынуының бірден-бір себебі осы болуы мүмкін және Нұрайдың туыстарының талап етуі бойынша күдіктінің туған-туысын некеге тұруға мәжбүрлеу бабымен адамдар тобымен әрекет етті және күдіктіге көмектесті деген қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау бойынша да тергеу созылып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.