Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты іс сотқа түсті

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өліміне себеп болған резонанстық жол апатына қатысты қылмыстық іс сотқа түсті. Алдын ала сот тыңдауы 28 мамырға белгіленді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Олег Чернов мәлімдеді.
Еске салайық, қайғылы оқиға 21 наурызға қараған түні болған еді. Тергеу мәліметінше, Zeekr көлігінің жүргізушісі мас күйінде қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екінші көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты. Сонымен қатар полиция қызметкерінің әрекетсіздігіне қатысты екінші қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Бұған дейін Ішкі істер министрлігі іс материалдарын сотқа жолдайтынын хабарлаған еді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал