Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша Палатаның атқарған қызметі туралы мәлімет берілді.
Оның ішінде «Президент туралы», «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі», «Қазақстан Халық Кеңесі туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі» мен «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» және басқа да конституциялық заңдар бар. Ерлан Қошанов Мәжіліс сессиясы соңына дейін ғылымға бөлінген қаржы, былтырғы бюджеттің игерілуі және сайлаушылар өтініштері бойынша Үкімет есебі тыңдалатынын айтты.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал